Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Елдікті жырлаймыз» жас ақындар мен көркемсөз шеберлерінің қалалық байқауы Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдердің ел тарихын зерделеуге қызығушылығын арттыру, жас таланттар мен ақындарды анықтау және оларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 2 номинация бойынша жалпы саны – 58 оқушы қатынасты. Байқау жеңімпаздары: «Жас дүлдүл» номинациясы бойынша: 1 орын- Жолдасова Назым, №27 орта мектебі оқушысы; 2 орын – Ақзомқызы Наркез, Еркінқала орта мектебі оқушысы; 2 орын – Аманғалиева Рахат, №5 Ғ. Мүсірепов атындағы о/м оқушысы; 3 орын – Төреғазы Орал, №18 Крупская атындағы о/м оқушысы; 3 орын – Орынбаев Азамат, №23 о/м оқушысы; 3орын – Абуова назерке, Бесікті о/м оқушысы; «Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша: 1 орын – Жексенова Нұрай, №26 С. Датұлы атындағы о/м оқушысы; 2 орын – Бауыржанов Алихан, №34 лингвистикалық о/м оқушысы; 2 орын – Гумарова Зарина, №8 Ө. Атамбаев атындағы о/м оқушысы; 3 орын – Орынбаев Азамат, №23 о/м оқушысы; 3 орын – Қойшыбаев Елдос, Еркінқала о/м оқушысы; 3 орын – Өмірзақов Фархат, №36 о/м оқушысы Байқау соңында барлық қатынасушыларға сертификаттар ұсынылды. Ал жеңімпаздар тарихи кітаптармен және дипломдармен марапатталды.