«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» аясында № 27 И. Тайманов атындағы мектеп базасында өткізілген іс – шараның қорытындысы Өткізілген күні: 20 сәуір, 2015 жыл Өткізілген орны: №27 И. Тайманов атындағы орта мектеп, акт залы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жалпы білім беретін мектептер арасында «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Ұлы Жеңіс елге мұра, ұрпаққа ұран » атты танымдық – тағылымдық шаралар қала мектептерінде өткізілуде. Бүгінгі таңда №27 И. Тайманов атындағы орта мектепте «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары: Қасиетті Нарын құмының түлегі, көршілес қос облыс Атырау мен Маңғыстаудың дамуына үлес қосқан, бүгінде Атыраудың құрметті азаматы, абыз атанған Қарасаев Орынғали Мұсаұлы және композитор жазушы, музыкалық сыншы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақанов. Қалалық білім бөлімінің әдіскері – Жолмұханова Жұмазия Бозайқызы. Кеш барысында Орынғали атамыз өмір жолы мен жасаған еңбектері жөнінде сыр шертті. Жас өрендеріміз болса, аталарымызға өз өнерлерін паш етті. Мектеп Ұланбасы, ақын қыз Назым Жолдасова кеш қонақтарына өзінің арнауын арнап, гүл шоқтарын табыс етті. Мектеп директоры Ару Сүндетқызы қонақтарға рахметін айтып, алғысын білдірді.