«Ұлы Жеңіс елге мұра, ұрпаққа-ұран» Жас Ұландар мен мектептердегі әскери патриоттық клубтар слеті Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала мектептеріндегі әскери патриоттық клубтардың «Ұлы Жеңіс елге мұра, ұрпаққа-ұран» тақырыбымен мерекелік слеті өткізілді. Слет бағдарламасына сәйкес № 34 лингвистикалық орта мектептің «Мерген», № 24 орта мектептің «Айбын», № 8 Ө.Атамбаев атындағы орта мектептің «Қайсар», № 26 негізгі орта мектептің «Тарлан», № 35 мектеп- гимназиясының «Махамбет» әскери-патриоттық клубтарының мүшелері клубтарды таныстыру, саптық дайындық бойынша өнерлерін көрсетсе, Химиялық қарулар қарсыластың адам күшін жаппай қырып- жоюға арналады, сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканың әр түрлі тыл объектілерін улау үшін де қолданылуы мүмкін. Осы химиялық уланудың алдын алу үшін қолданылатын жалпы әскери қорғаныш киімі (ОЗК-ны) уақытқа кию көрсетілімін № 10. С.Мұханов атындағы, №35 мектеп гимназиясының «Махамбет атындағы» әскери патриоттық клубы, №18 Н.Крупская атындағы орта мектептің «Жас Ұлан»әскери патриоттық клубы, №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің әскери патриоттық клубы дайындықтарын көрсетті. Шараға қатынасушы өзге мектеп ұландары- № 22 орта мектеп «Жеңіс туы желбіре», № 17 мектеп- лицей «Девятый батальон», № 24 негізгі орта мектептің «Айбын» әскери-патриоттық клубы «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген», №9 Ш.Уалиханов атындағ о/мтің «Дарын» әскери-патриоттық клубы «Егемен Қазақстан» патриоттық әндерін шырқаса, келесі бөлімде өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін бимен көркемдеп жеткізетін жас өнерпаздардың өнері көрсетілді. №2 орта мектептің «Қарлығаш» би тобы «Синий плоточек» биі, №27 И.Тайманов атындағы орта мектептің «Катюша» биі, №36 мектептің Жас Ұландары патриоттық рухтағы флешмоб биімен жұртшылықты үұлкен әсерге бөледі. Жас ұрпақты әскери патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде бірлесе қызмет атқарып жүрген облыстық Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Азаматов Арман Серікұлы, бас маман Қалауов Асхат, Атырау облысы Білім беру басқармасының алғашқы әскери даярлық әдістемелік бөлімінің басшысы Елеуов Нұрлан Мұхамбетжанұлы және Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі әскери қорғаныс департаментінің әскерден тыс даярлық бөлім бастығы, лейтенант Сатыбалдиев Жасұлан Асылбекұлы, Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктіріген басқармасының әскерден тыс даярлық бөлімше бастығы, аға сержант Сатыбаев Мұрат Қайратұлы шара қонағы ретінде қатынасып, жас сарбаздардың әскери дайындықтарына тәнті болды. Еліміздің отаншыл жас ұрпағын тәрбиелейтін «Жас Ұлан» ұйымының бұл бағыттағы жұмыстары өңіріміздің әр мектебінде жалғасын табуда.