Жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс – шарасын Облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының бүлдіршіндерімен өткізген болатын.
Жас Ұлан ұйымының белсенді оқушылары балаларға қуанышты көңіл – күй сыйлады. Шараны облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының директоры Құрақов Нұрлан Нысанғалиұлы сөз сөйлеп, ашып берді. «Ашық аспан астында...» тақырыбында сурет байқауында қатысушылар сурет салу өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндердің салған суреттері көбінесе ата – ана, отбасы тақырыбында болды. Сонымен қатар, Атырау қаласының оқушылар орталығының психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалиқызы «Алаңқайдағы гүлдер», «Жаңбыр жауды», «Артық отырғыш» ойындарын және би терапиясын өткізіп бүлдіршіндерді бір сергітіп алды.
Шара соңында ұйымның атқарушы хатшысы Мартагүл Төлеуқызы сөз алып балаларды және ата – аналарды мерекелерімен құттықтап, мекеме баашысына алғысын айтты. Ұйым белсенділері бүлдіршіндерге сыйлықтар таратып, бірге биледі. Әр балаға балалық шақ пен шадыман шаттық тілейміз!