26 қараша сағат 11 де, №22 орта мектебінің тәлімгер апайымыз Армангүл Нұроллақызының ұйымдастыруымен салауат бағыты бойынша, "Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден!" атты акция өтті. Акцияның мақсаты-оқушылардың салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу,мінднттеріне шылым шегудің,ішімдіктің,нашақорлықтың,СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету , солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру , СПИД-тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып , олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру . Акцияға шамамен 110 жалынды ЖасҰландықтар қатысты . Акцияға мектебіміздің психологы Сәуле Маратқызының СПИД - ғасыр уы атты баяндамасымен және түрлі ситуациялық сұрақтармен қызықты өткізді. Акцияға арнайы арнап 8 "а" сыныбының оқушысы Ермаханова Ботагөздің СПИД жойылсын деген гимні тарту болды . Сонымен қатар Атырау облыстық ЖИТС бас маманы Айша апайымыз қонақта болды . Акция қызықты өтті . Акция соңын тәлімгеріміз Армангүл Нұроллақызының акцияға аса белсенділікпен ат салыса қатысқаны үшін 5 "а" , 5 "ә" , 6 "а" , 6 "ә" , 7 "а" , 7 "ә" , 8 "а" , 8 "ә" , 9 "а" , 6 "в" , 8 "г" сыныптарын марапаттаумен аяқталды . Акция өте қызықты болды. ,Әрі қарай осындай түрі акциялардың жалғасы болады деп күтеміз...